"Кітап оқу" сағаты Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы лицей интернат кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында,жатақхана оқушыры арасында кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. Жақында кітапхана жаңа көркем әдеби кітаптарымен толықтырылды.
Мақсаты:Көркем әдебиеттерге деген қажеттілікті арттырып, оқушыларды оқуға ынталандыру.
Кітап оқуды насихаттау үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану мұғалімдер мен ата-аналар алдында тұрған басты міндет болып саналады. Осы орайда мектебімізде ұстаздар мен оқушылар "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында үйде, мектепте «кітап оқу" шарасын жүзеге асырудамыз
Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге”, деп Абай Құнанбайұлы атамыз айтқандай адам баласы үшін кітап - тілсіз тәрбиеші, кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.
Жаңа келген кітаптармен таныс болыңыздар!