Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
"Кітап - біздің досымыз" атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті

"Кітап - біздің досымыз" атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті

Мектебімізде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" "Бастауыш - білім бастауы" айлық іс-шарасы аясында бастауыш сынып мұғалімдері Садық Нұргүл мен Қабылбекова Мөлдірдің ұйымдастыруымен "Кітап - біздің досымыз" атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өттіБайқаудың мақсаты: оқушыларымызды туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке, кітапқұмарлыққа баулу. Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - "Көркемсөз", екінші кезең - "Тауып көр!. Сайысқа 3-4 сыныптар арасынан 16 оқушы қатысты. Бірінші кезең бойынша барлық қатысушылар 1 өлеңнен мәнерлеп, жатқа айтып шықса, екінші кезеңде "Жасанды интелект" әдісі бойынша жасалған жұмбақтарды жарыса шешті және берілген суреттерден мақал-мәтелдерді жылдам құрастырып шықты. Әділ-қазылар балалардың тапқырлығына, өлеңді көркем, мәнерлеп айту қабілеттеріне қарай жеңімпаздарды төмендегіше анықтады. Іңкәрбек Хадиша 1-орын, Мұхамед Әли 2-орын, Сәрсенбек Төре 2-орын, Талғат Амина, Балтабай Жазира, Дүйсенбай Ақбота, Қалаш Жантөре, Жұмаділлә Кәусар 3-орын алса, қалған қатысушылар дарыны мен шеберлігі үшін "Алғыс хатпен" марапатталды.