Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды

Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды

Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын ұсынды.

Тұжырымдама Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және бейінді министрліктермен бірлесіп дайындалған әрі балалардың құқықтарын қорғау саласында қабылданатын шаралардың дәйектілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ол қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, отбасы құқығы және әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы балалардың құқықтары қарастырылған төрт негізгі бағытты қамтиды. Тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор, ал жүзеге асыру үшін 158 іс-шара көзделген. Қаржыландырудың жалпы көлемі – 1,3 трлн теңге, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Тұжырымдама шеңберінде «Заң мен тәртіп» идеологемасын кеңінен тарату; мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу; балаларды «Адал азамат» рухында тәрбиелеу; зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттерін ашу; психологиялық диагностиканың бірыңғай цифрлық платформасын құру; қадағалауды талап ететін балаларды тәлімгерлермен 100% қамту жоспарлануда.

Сондай-ақ буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына ЖИ технологияларын енгізу, құқыққа қайшы контентті жоймағаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін күшейту және т.б. қарастырылған.

Концепцию «Дети Казахстана» представили в Правительстве РК

Министр просвещения Жулдыз Сулейменова на заседании Правительства представила разработанную в рамках поручений Главы государства единую концепцию «Дети Казахстана» на 2026-2030 гг.

Концепция подготовлена совместно с Уполномоченным по правам ребенка и профильными министерствами и направлена на повышение последовательности и эффективности принимаемых мер в сфере защиты прав детей.

Она охватывает четыре основные направления, включающие права детей в таких сферах, как безопасность, образование, здоровье, а также право на семью и социальную защиту. Для оценки эффективности предусмотрены 10 индикаторов, а для реализации 158 мероприятий. Общий объем финансирования составляет 1,3 трлн тенге, — сообщила Жулдыз Сулейменова.

В рамках концепции планируется масштабирование идеологемы «Заң мен тәртіп»; внедрить час педагога-психолога в школах; осуществлять воспитание детей в духе «Адал азамат»; открытие кабинетов помощи для детей, пострадавших от насилия; создание единой цифровой платформы психологической диагностики; обеспечить 100% охват менторами детей, требующих внимания.

Также предусмотрено внедрение AI технологий в камеры видеонаблюдения для выявления буллинга, усиление ответственности интернет-платформ за неудаление противоправного контента и другое.