Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»

Тақырыбы: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»

4 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды тәрбиелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты — ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, салт-дәстүр мен халық даналығы негізінде ұлттық тәрбиені насихаттау болды.

Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, сахналық көріністер мен ұлттық нақыштағы қойылымдар арқылы көрермен жүрегіне жол тапты. Ата-аналар балаларының шығармашылығы мен тәрбиелік ой-толғамдарын қуана тамашалап, мектеппен тығыз қарым-қатынаста болудың маңызын тағы бір сезінді.

Ұлттық тәрбие — ұлт болашағы.

Тамыры терең тәрбие — рухани жаңғырудың негізі!

4 сынып жетекшілер мен тәрбиешілері