АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!Отырар ауданы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы№4 лицей-интернаты әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы жаңа жылдық мерекелік іс-шараны өткізу кезінде, Отырар аудандық білім бөлімінің
18.12.2024 жылғы №41-10/1271 хатына сәйкес мына жағдайларды ескертеді:Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жаңа жылдық мерекелік іс-шара өткізу кезінде аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархан, сыйлықтар ұйымдастыруға тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Осы айтылған талаптарды назарға алуларыңызды өтінеміз. Білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру - біз үшін абыройлы іс!
Біз үшін үлкен көмектеріңіз - өз ұл-қызыңыздың білімі мен тәрбиесіне педагогтармен бірлесе жұмыс жасағаныңыз.
Құрметті ата-ана!
Сіздің кез-келген сауалыңызға мектеп басшысы мен орынбасарлары әрқашан дайын.
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері әр отбасында қатаң сақталуы тиіс. Балалардың қауіпсіздігіне баса назар салуларыңызды сұраймын.
Мектеп әкімшілігі.