Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім.Визуалды өнер

Мұғалімнің аты-жөні: Асилбекрва Курманкул Тургараевна

Сабақ тақырыбы: Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.1.4.1 Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау.

Сабақ мақсаттары: Уақыт пен басқа факторларды есепке ала отырып, өз жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға дағдыландыру;

Сюжетке байланысты декорация дайындау;

Шығармашылық жұмысқа арналған сценарий жасау;

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық көңіл күйін сыйлау.

Топқа бөлу.

Түстер арқылы бөлу.

1 топ «Жылы түс»

2 топ «Суық түс»

Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ жауап

1. Анимация дегеніміз не?

2. Қазақстандағы алғашқы анимация түсірілді?

3. Театрдағы қуыршақ түрлерін ата?

Сабақтың тақырыптары мен мақсаттарына шолу жасау.

ІІ.Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыптары мен мақсаттарына шолу жасау.

Мұғалімдердің түсіндірмесі арқылы кіріктірілген сабақтарды презентацияда көрсету.(Көркем еңбек, бейнелеу,қазақ әдебиеті, музыка, телестудия)

Топпен жұмыс.

1 топ «Жылы түс»

Саусақты қуыршақ театр.

«Шалқан ертегісі» қойылымына арналған сцернарий жаса.

2 топ «Суық түс»

Таяқшалы театр

«Бауырсақ» ертегісі қойылымына арналған сцернарий жаса.

Жұппен жұмыс

Кейіпкерлер жасау.

Мақтақыз ертегісінің сахналық декорация жасап таяқшалы театр түрінде ойна.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Кері байланыс

1. Спектакль қойған кезде нені ескеру керек?

2. Қандай қиындықтар кездесті?

3. Өздеріңнің және сыныптастарыңның жұмыстарын бағалаңдар. Не нәрсе ерекше ұнады?