10.03.2026 жылы "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат" КММ-де "Балдәурен бастауыш әдіс бірлестігінің 2025-2026 оқу жылының наурыз айына арналған "Бастауыш-шабыттың бастауы, ізденістің іргетасы, жаңашылдықтың жарқын жолы!" тақырыбындағы айлық іс-шарасының ашылуына байланысты "Көркем жазу" үйірме жетекшісі:П. Әуелбек 1- сыныптар арасында "Ойнайық та, ойлайық!" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Әріптерді таниды және олардың дыбыстық мәнін түсінеді,сөздер құрастыра алады.Мәтінді оқиды,түсінеді ,көркем -әдемі етіп жазады.Ойын арқылы ойлауды қалыптастырады.





