Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

«Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға психологиялық дайындық»

«Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға психологиялық дайындық»

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының мектеп психологы Д. Масанова 11-сынып білім алушыларымен психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға қорытынды аттестаттау мен ҰБТ алдындағы қобалжуды басқару, стресс пен психологиялық қысымды жеңе білу, емтиханға 1 күн қалғанда дұрыс дайындалу жолдары, өзін-өзі реттеу және сенімділікті арттыру тәсілдері бойынша психологиялық көмек көрсетілді.

Тренинг барысында білім алушыларға мотивациялық қолдау беріліп, өз күшіне сену, уақытты тиімді пайдалану және позитивті ой қалыптастыру бағытында кеңестер ұсынылды.

Мақсат — түлектердің психологиялық тұрақтылығын нығайтып, қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға сенімді түрде қатысуына қолдау көрсету.

Түлектерімізге сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!