"Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат" КММ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
8- қыркүйек күні «Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат » КММ Отырар аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен оқушылар мен ұстаздарға арналған профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында интернет-алаяқтық, қылмыс пен құқық бұзушылық, нашақорлық, буллинг, лудомания, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігі туралы маңызды ақпараттар берілді.
Полиция қызметкерлері оқушыларға құқықтарын білу, заң талаптарын сақтау, интернетте сақ болу және кез келген қиын жағдайда көмек сұраудың маңыздылығын түсіндірді.
Кездесуге мектеп әкімшілігі, полиция қызметкерлері, педагогтер және оқушылар қатысты.
Қатысушылар саны – 126.
Мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушыларға қауіпсіз орта қалыптастыру.
«Құқықтық сауатты ұрпақ – қауіпсіз қоғамның негізі!»





