"Құқық бұзушылықтың алдын- алу" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізілді. Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 2024 жылдың 15-і қазан күні мектеп директоры Е.Серікбаев,ДТІЖО С.Тәжібай және ұлдар ұйымының жетекшісі М.Мамақтың қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДТІЖО С.Тәжібай: Мектептің iшкi тәртіп ережелері таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысымы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау,қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен мектеп директоры Е.Серікбаев сөз сөйледі. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Гани Бейсембаев