Мектебіміздің"Тілім менің-тірлігімнің айғағы " тақырыбындағы Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы барысында өтіп жатқан іс-шара аясында қазақтың үш бәйтерегінің"тар жол,тайғақ кешу" кезеңіндегі ұлтының көшбасшылары С.Сейфуллин,Б.Майлин мен І.Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай үш бәйтерек шығармаларын оқушылар арасында талдау ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақтың үш бәйтерегінің өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру,шығармаларын насихаттау.