Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында «Зерде» үйірмесінің жетекшісі Жұмаділова Айгүлдің жүргізуімен «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды - танымдық ойын сайысы болып өтті. Сайыс барысы «Таныстыру», «Рәміздер сұрағы», «Тәуелсіздік нышандары», «Білімді ұрпақ» және «Қорытынды» кезеңдерінен құралды. Оқушылар Қазақстан Республикасының құндылықтарымен танысып, әрі өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтады. Сайыс барысында тапқырлық, жылдамдық таныта білген «Мәңгілік ел» тобы жеңіске жетіп, барлық қатысушы оқушыларға тәттілер үлестірілді.
Жаңалықтар
