Тәрбие_саласы
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#Құқықтық_тәрбие
Түркістан облысы, Отырар ауданы
«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ
24.11–03.12.2025 ж. аралығында облыс прокуратурасымен бірлескен «Қауіпсіз балалық шақ!» жобасы аясында кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, әлеуметтік желілердегі жат ағымдардан сақтандыру, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осыған сәйкес, 28 қараша күні 9–11 сынып оқушыларымен ақпараттық кездесу өтті.
Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Д.Ерденова сыныптарды аралап, оқушылардан анонимді сауалнама алып, олардың мазалаған сұрақтарын жазып берді.
Лицей-интернатта оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.





