«Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясындағы түсіндірме жиын
2025 жылғы 22 қазан күні Түркістан облысы прокурорының орынбасары Д.Б.Тлемисовтің төрағалығымен Отырар ауданы Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясын іске асыру бойынша түсіндірме жиын өткізілді.
Іс-шараға мектеп инспекторы, директор, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, педагог-психолог, сынып жетекші және 8 «А» сынып оқушылары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру және балалардың құқықтарын қорғау мәдениетін дамыту.
Мектеп директоры Е. Серікбаев өз сөзінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғам мен отбасының, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ортақ міндеті екенін атап өтті. Ол оқушыларды мектеп ережелерін сақтау мен жеке жауапкершілікке шақырды.
Педагог-психолог Л. Төлегенова Д. Масанова «Қауіпсіз орта – сенің таңдауың» тақырыбында тренинг өткізіп, балалардың өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндірді.
Мектеп инспекторы Д. Ерденова кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар А. Жақашева мен сынып жетекші Қ. Қасымова оқушыларды тәртіп пен мәдениеттілікке, өз қауіпсіздігіне мән беруге үндеді.
Жиын барысында «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясының негізгі бағыттары талқыланып, оқушыларға профилактикалық кеңестер берілді.





