ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ
«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» КОНЦЕПЦИЯСЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы «Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей – интернат» КММ -де «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында 9 сынып оқушыларымен Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ—ның инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы мен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және сынып жетекшілері кездесу жиынын өткізді.
Жобаның негізгі мақсаты - балалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың əлеуметтік жəне психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды ерте анықтап, оларды түзету үшін қажетті шараларды қабылдау. Бұл мақсатқа жету үшін балаларға құқықтық тəртіпті түсіндіру, оларды дұрыс тəрбиелеу, əлеуметтендіру жəне психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізу.
Жиын барысында мектеп инспекторы Д.Ерденова мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Жақашева тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізді





