Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

«ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ» – XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

«ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ» – XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

(8 «А» сынып оқушылары арасында)

Кеше мектебімізде 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен информатика, физика, алгебра және геометрия пәндері бойынша «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

Сайысқа сыныптан 6 оқушы қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Қатысушылар әр пән бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсетті.

Оқушылар белсенді қатысып, білімге деген қызығушылықтарын байқатты. Сайыс барысында әр кезең тартымды әрі қызықты өтті.

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, орындар беріліп, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Осындай зияткерлік ойындар оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімге деген құштарлығын арттырады.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Сынып жетекші: Қ.Қасымова