"Адал азамат " біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ө.Жәнібеков атындағы 4 лицей-интернатында “Сөз құдіреті цифрлық әлеммен” атты Тіл айлығы барысында 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Грамматикаңды тексер” атты көңілді үзіліс өтті. Үзілісте балалар тарсия әдісімен сұрақтарға жауап беріп, қызықты да, ұтымды уақыт өткізді. Үзіліс барысында балалардың функционалдық сауаттылығы көрініс тапты! Алған білімдерін қолдана отырып, тәттілермен марапатталып, көңілденіп сабақтарына тарады.





