Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интерантының "ІТ-механика" бірлестігінің "ҒАСЫРДЫҢ ҒАЖАП ҮШ ТІРЕГІ" атты айлық іс-шара барысында информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Досан Ләйлә Ертайқызы 6 "В" сыныбына "Гиперсілтемелер" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасына сай нақты әрі жүйелі құрылған.
Сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, цифрлық сауаттылық дағдылары дамытылды. Сонымен қатар, сабақта оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуіне, өзара қолдау көрсетуіне және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Сабақ мазмұнында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар беріліп, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдылары қалыптастырылды. Оқу процесінде "Құндылықтарға негізделген білім беру" қағидаты басшылыққа алынып, атап айтқанда, ынтымақтастық, құрмет, ашықтық және өмір бойы білім алу құндылықтары кеңінен көрініс тапты.





