Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

«Ғасырдың ғажап үш тірегі»

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 4.11.2024ж күні «Ғасырдың ғажап үш тірегі» тақырыбындағы математика, физика және информатика айлығының ашылуы орын алды. Негізгі мақсатымыз – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоциясын тудыру, дербес қорытынды жасауға және жалпылауға негіздеу, күнделікті өмірде физика, математика және информатика мәліметтерін қолдану, нақты ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре отырып,оқушылардың ой өрісі мен түсінігін байыту. Осы айлықтың барысында түрлі ашық сабақтар, сыныптан тыс іс – шаралар өткіземіз. Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән айлықтарының орны ерекше. Ашылу барысында Жасанды интеллект пен нейронды желіні пайдалану арқылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің фотосын жасанды сөйлету, Робот аниматоры, ойын арқылы оқушылардың шапшаңдығын байқау, тілектер жазылған алмалар арқылы ашылды.