Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының «ІТ-механика» бірлестігі аясында өтіп жатқан математика, физика және информатика пәндерінің айлығы бойынша физика пәнінің мұғалімдері:Кәукешова Раушан,Исаханова Лаура 9а, в сыныптары арасында "Физикалық эстафета" тақырыбында сыныптан тыс іс-шарасын
өткізді.
Сабақ барысында ұстаздар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. Сабақта топтық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар цифрлық платформаларды қолданып, спорттық тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Бұл жарыс 6 кезеңге бөлінді.Сабақта пәнаралық байланыс болды. Пән мұғалімдері нің
жаңашыл сабағы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, ойлау қабілеттерін жетілдіріп, сабақ мақсатына толықтай қол жеткізілді.Оқушылар интелектісін арттыруға арналған түрлі тапсырмалар жасөспірімдер үшін өте қызықты болды. Оқушылар да өз білімдерін көрсете отырып, сабаққа қызығушылықпен қатысты.Жарыс соңында озып шыққан сынып марапатталды.