Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ТҮЗЕТУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ТҮЗЕТУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ТҮЗЕТУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

Жиынға мектеп оқу орынбасарлары, педагог-психологтар, мектепке дейінгі білім беру ұйым әдіскерлері, балабақша психологтары қатысты.

Жиынды білім бөлімінің бас маманы Қ. Төлендиева ашып, күн тәрітібімен таныстырды.

Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ерекше білім алушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау және инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігі туралы баяндады.

Түркістан облысының ПМПК мамандарыдары да баяндама жасады.

Бабаева Арайлым – логопед-маман, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізу әдістері туралы баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым миистірінің 2022 жылғы №6 бұйрығының және білім беру саласындағы тиісті нормативтік-құқықтық құжаттарды таныстырды.

Маханова Гаухар – инклюзивті білім беру бойынша директордың меңгерушісі, инклюзивті ортаны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Өстемір Самал – коррекциялық педагог-психолог, ерекше балалармен психологиялық жұмыс жүргізу жолдарын түсіндірді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасардың жауапкершілігіне тоқталып ППҚ-ның жүргізілу жоспары жөнінде таныстыру жүргізді.