Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Еgov жүйесінде жұмыс жасау

Еgov жүйесінде жұмыс жасау

Egov.kz – бұл Қазақстан Республикасының электронды үкімет порталы. Ол азаматтарға түрлі мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде, яғни интернет арқылы жылдам және ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. Egov жүйесі арқылы пайдаланушылар мекемелерге бармай-ақ, үйден шықпай көптеген құжаттарды рәсімдей алады.

Egov жүйесінде жұмыс жасау үшін ең алдымен ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет. Оны “Ұлттық куәландырушы орталық” арқылы алуға болады. ЭЦҚ көмегімен азамат өз жеке басын растап, онлайн құжаттарға қол қоя алады.

Egov порталы арқылы төмендегідей қызметтерді орындауға болады:

Egov.kz арқылы ключ (ЭЦҚ) ашу

Сотталмағандығы туралы анықтама алу;

Несие тарихын көру;

Зейнетақы (пенсионный) анықтамасын алу;

Порталдың басты артықшылығы – уақыт үнемдеу, ашықтық және қолжетімділік. Азаматтар кез келген уақытта, тәулік бойы өздеріне қажетті қызметті пайдалана алады.

Egov жүйесі мемлекеттік басқаруды цифрландырудың маңызды бөлігі болып табылады және қоғамдағы қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.