Түркістан облысы
Отырар аудан
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында дәстүрлі «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушыларды еңбекке баулу, өз еңбегінің нәтижесін бағалай білуге, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және үнемшілдікке тәрбиелеу болды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында көтеріңкі көңіл-күй орнады.
Оқушылар адал еңбек арқылы жетістікке жетудің маңызын ұғынды.
«Күзгі асар» жәрмеңкесі – оқушылардың еңбексүйгіштік, жауапкершілік және қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.