Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру
Бүгін ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері аудандық білім бөліміне қарасты Ө.Жәнібеков №4 лицей-интернатында жалғасын тапты.
Кездесуге Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Сарсеков, Түркістан облысының дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы Жорабек Жалғас Мұхтарұлы, білім беру мекемесінің директоры Е.Серікбаев және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кездесу барысында Жалғас Жорабек деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі мен сипаттамасы жөнінде мағлұматтар беріп, жастардың кереғар діни ағымдардың ықпалында қалуы қазіргі таңда өзекті мәселе екенін жеткізді. Дін адамзат баласын игілік пен ынтымаққа шақырушы екенін, қоғамға және адам өміріне зиян тигізу дінге жат екенін жеткізді. Дін адамды ұлтына бөлмей бүкіл қоғам үшін бүкіл қоғам үшін ортақ екенін айтты. Қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екенін түсіндірді
Дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуы мен оларға қарсы насихаттық шаралар туралы толыққанды түсіндірді. Теолог мамандар мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының дінге қатысты пікірлерін біліп, қойған сұрақтарына жауап берді.