«Әдеп пен әдемілік» тренингі
Бүгін «Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей–интернатының» 7-сынып қыздарымен «Әдеп пен әдемілік: Ішкі сұлулық – сыртқы көрік бастауы» тақырыбында тәрбиелік әрі мотивациялық тренинг өткізілді.
Тренингті мектептің педагог-психологы Масанова Динара Мейрамбекқызы жүргізді.
Тренинг барысында қыздар:
- «Әдемілік деген не?» деген маңызды сұраққа өз ойларымен бөлісті;
- Сыпайы жүріс-тұрыс және өзін сенімді ұстау дағдыларын үйренді;
- «Әдепті қыздың портреті» топтық жұмысын орындап, талғам, тазалық, сөйлесу әдебі туралы ой қозғады;
- Дөрекі сөзге сыпайы жауап беру тәсілдерін рөлдік ойын арқылы тәжірибеден өткізді;
- «Сұлулық құпиясы» рефлексиясында өздерінің жақсы қасиеттерін атап өтті.
Қыздар өте ашық, белсенді, шынайы әдемі болмыстарын көрсетті.





