Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

«Дағдарысқа түскен жастар мен жасөспірімдер арасында психологиялық көмек көрсету және алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

«Дағдарысқа түскен жастар мен жасөспірімдер арасында психологиялық көмек көрсету және алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтілді.

Отырар ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманымен 2025 жылдың 11 қараша күні Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 5–11 сынып оқушыларына арналған «Дағдарысқа түскен жастар мен жасөспірімдер арасында психологиялық көмек көрсету және алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және жасөспірімдердің өмірлік қиындықтармен күресу дағдыларын қалыптастыру, дағдарыс жағдайындағы мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық көмек көрсету жолдарын түсіндіру.

Тренингті Жастар ресурстық орталығының педагог-психолог маманы Маханбетжан Әдемі, мектеп психологтары Масанова Динара және Төлегенова Ләззат ұйымдастырып өткізді. Қатысушылар эмоционалды тұрақтылық, өзін-өзі реттеу және өмірдің құндылығын сезіну тақырыптарында пікір алмасып, жаттығулар орындады. Семинар - тренинг жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайтуға және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.