Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Дәстүр — тәрбиенің негізі

Дәстүр — тәрбиенің негізі

Қазақ халқының байырғы салт-дәстүрі — ұлт болмысының айнасы, тәрбиенің қайнар көзі. Әрбір дәстүр — өмір сүрудің өнегесі, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, табиғатпен үндесу, адамгершілік пен имандылықты бойға сіңірудің жолы.

Бүгінде жаһандану заманының желі ескен тұста ұлттық тәрбиенің мәйегі — дәстүрімізді сақтау аса маңызды. Баланың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіру — болашақтың баянды болуының кепілі.

Дәстүр тек өткеннің сарқыншағы емес, ол — бүгінгі мен болашақты байланыстыратын алтын көпір. Ұлт тәрбиесі — ұрпақ тәрбиесі. Ендеше, дәстүрге ден қояйық, ұрпаққа үлгі болайық!