Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне арналған ашық сабақ өтті.

Бүгін мектебімізде Тоғызқұмалақ үйірмесінің ұйымдастыруымен

Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне арналған ашық сабақ өтті.

Ашық сабақ барысында оқушылар тоғызқұмалақ ойынын

онлайн форматта ойнап көріп,

цифрлық платформаларды қауіпсіз және тиімді пайдалану жолдарымен танысты.

Оқушылар:

– онлайн тоғызқұмалақ платформасында ойын ойнады;

– интернеттегі жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау ережелерін үйренді;

– желіде әдептілік пен жауапкершіліктің маңызын түсінді.

Ұлттық зияткерлік ойын мен заманауи цифрлық технологияны ұштастыру

оқушылардың қызығушылығын арттырып,

интернетті саналы әрі қауіпсіз қолдануға бағыттады.

Ашық сабақтың мақсаты –

ұлттық ойынды насихаттай отырып,

оқушыларды қауіпсіз интернет мәдениетіне тәрбиелеу.