Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
«Біздің бірлігіміз- болашақтың білімінде»  атты облыстық өнер фестивалі

«Біздің бірлігіміз- болашақтың білімінде» атты облыстық өнер фестивалі

«Біздің бірлігіміз- болашақтың білімінде»

атты облыстық өнер фестивалі

Түркістан облысы Қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық құндылықты дәріптеу, дарынды оқушыларды анықтау мақсатында,

Ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу. Өнерпаз шәкірттерді баулыған ұстаздарға қолдау көрсету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Берілген міндеттеме бойынша 150 оқушы қамтылып, қатыстырылды.

1. Театрланған сахналық қойылым «Менің Қазақстаным» әнұранның шығу тарихы сахналық қойылымымен басталып, патриоттық әндер, көркем сөз, би және домбырашылар ұжымымен жалғасын тапты.

Түркістан Облыстық Түркістан Облысының Білім Басқармасына қарасты Қосымша Білім Беру Орталығынан келген сарапшы мамандар Айтов Мырзарайым Әбдікерімұлы, Көшенов Алмат Нұртасұлы және

М.Әуезов атындағы университеті Музыкалық білім аға оқытушысы Ағабекова Салтанат Сәбитқызы қатысып жақсы пікірлерін, бағасын беріп оқушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Ал, қадірменді көпшілік, этнограф - ғалым, халқымыздың біртуар ұлы Өзбекәлі Жәнібеков есімімен аталатын білім ошағының алдарыңызға тарту етіп отырған «Біздің бірлігіміз- болашақтың білімінде» атты облыстық өнер фестивалінде, ұрпақ бойындағы таланттарын көріп,тамашалап отырсыздар. Аталмыш тақырыптың өзі еліміздің жарқын болашағы болар ұл мен қызға естілік сыйлайтыны, өнердің түрлерін орындаудағы іскерлігі, сахна мәдениетін білуі, мың бұрала би билеп, құйқылжыта ән айтуы, өнердің биік түрі сөз өнерін сомдай білуін бағамдап бағалай білсеңіздер демекпіз.

Мектебіміздің бүгінгі өнер додасын көріп тамашалаған көрерменімізге алғыс білдіреміз.