Тіліңізді таңдаңыз

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

«Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиыны

«Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиыны

2026 жылғы 1 қыркүйек күні «Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат » КММ-де 2026–2027 оқу жылының басталуына орай «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, педагогтер, білім алушылар, ата-аналар және мектеп қауымдастығының өкілдері қатысты. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Зейнеткер ұстаз, ата – аналар комитетінің төрайымы- Үмбетова Шарипа Икрамханқызы , Мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, - Асанов Аралбай Дүйсенбайұлы, зейнеткер ұстаз Мамырайымова Ұлбала Абдуайтқызы және мектеп инспекторы Ерденова Динара қатысты.Жиын барысында мектеп директоры Ерғали Қазыханұлы Серікбаев жаңа оқу жылының басталуымен қатысушыларды құттықтап, білім алушыларға сапалы білім алудың, жауапкершілік пен тәртіпті сақтаудың, өз қабілеттерін дамытуға ұмтылудың маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар бірінші сыныпқа қабылданған білім алушыларға мектеп өміріне сәтті бейімделіп, білім алуға қызығушылық таныту, мектеп ережелерін сақтау және ұстаздарды құрметтеу жөнінде тілектер білдірілді.Мектеп директоры өз сөзінде ата-аналар мен педагогтер арасындағы өзара ынтымақтастықтың бала тәрбиесі мен білім сапасын арттырудағы маңыздылығына тоқталды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы психологиялық орта қалыптастыру, буллингтің алдын алу және білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

Жиын барысында 2025–2026 оқу жылындағы мектептің білім сапасы мен білім алушылардың жетістіктері туралы ақпарат берілді.2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 76 түлектің 74-і қатысып, орташа балл 87,81 болды. Мемлекеттік білім беру грантын 52 түлек иеленіп, бұл көрсеткіш 70 пайызды құрады.11-сыныпты аяқтаған білім алушылардың ішінде 10 түлек «Алтын белгі», 13 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.Мектеп бойынша білім сапасы 69,8 пайызды, орташа балл 4,19-ды құрады.Олимпиадалық және ғылыми бағыттағы жетістіктер бойынша облыстық кезеңде 13 білім алушы жүлдегер атанды. Республикалық деңгейдегі олимпиадаларда мектептің 2 білім алушысы нәтижелі көрсеткіш көрсетті.Сонымен қатар қазақ тілі пәнінің мұғалімі Кәдірбек Балжан «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңінде І орын, республикалық кезеңінде ІІІ орын иеленді.2026–2027 оқу жылында мектепте мектепалды даярлық топтарында 58, 1–11 сыныптарда 970, барлығы 1028 білім алушы қамтылды. Оқу жылы 45 сынып комплектісімен басталды, оның ішінде 1 ауысымда – 31 сынып, 2 ауысымда – 14 сынып білім алады.Білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге 1 педагог-шебер, 26 педагог-зерттеуші, 36 педагог-сарапшы, 39 педагог-модератор және 36 педагог жұмылдырылды.2026–2027 оқу жылында білім сапасын арттыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, цифрлық құзыреттілігін, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту, әр білім алушының жеке қабілеті мен мүмкіндігін ашу, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағыттары басым міндеттер ретінде айқындалды.Салтанатты жиын барысында жаңа оқу жылына арналған мақсат-міндеттер таныстырылып, білім алушыларға, педагогтерге және ата-аналарға жаңа оқу жылында табыс пен сәттілік тілектері білдірілді.