Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

“Білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізу кезінде оқушылардың бойында қорқынышты болдырмау жолдары” тақырыбында 4 сынып оқушыларымен тренинг сабағы өткізілді.

“Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат” КММ-де “Балдаурен” бастауыш әдіс бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес “Білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізу кезінде оқушылардың бойында қорқынышты болдырмау жолдары” тақырыбында 4 сынып оқушыларымен тренинг сабағы өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың ББЖМ-ға сенімділікпен дайындалуын,стресс жағдайларын жеңе білу, оқушылардың қорқынышын азайту, өзіне деген сенімділікті арттыру. Эмоциялық жайлы орта қалыптастыру және кеңес беру.

Тренинг барысында оқушыларға өз эмоцияларын басқару, уайым мен қорқынышты жеңу, өз-өзіне сенімділікті арттыру жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, түрлі психологиялық жаттығулар мен сергіту сәттері арқылы жағымды көңіл күй қалыптастырылып, еркін атмосфера жасалды.

Тренинг өте әсерлі әрі пайдалы өтіп, оқушыларға жаңа серпін мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.