Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Білім беру платформаларын сабақтың түрлі кезеңдерінде тиімді пайдалану тәжірибесін дамытуға арналған әдіс аламасу жұмыстары бір ай бойы жалғасын табатын болады.

Білім беру платформаларын тиімді қолдану- табысты оқытудың нәтижесі. Сабақтың белгілі бір кезеңінде цифрлық технологиялардың, цифрлық ресурстардың және интернет қызметтерінің құралдарын қолданудың педагогикалық маңыздылығын ерекше атап өтуге болады, мысалы білім алушылар үшін оқыту үдерісінде цифрлық контентті құрайтын ең танымал білім беру платформаларын, олардың оқытуды ұйымдастыру үшін негізгі мүмкіндіктерін және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған ең танымал білім беру платформаларының мүмкіндіктерін пайдалану сабақтың ұтымды өтуіне оң әсер етеді. Осындай мақсаттарды іске асыру барысында Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатта 2026 жыл ақпан айының 2 жұлдызынан бастап Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің тапсырмасына орай «Отырар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 06.08.2025 жыл №41-10/831 бұйрығы негізінде «Ақылды мектеп – ақылды ұрпақ» арнайы жобасының жылдық жоспарына сай «Ақылды сынып» айлық іс шарасы ұйымдастырылып, жүргізілуде.

03.02.2026 жыл күні математика пәнінің мұғалімі Жабақ Ғалымжан 6 «Б» сыныбында «Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері» тақырыбын өтуде білім платформаларын тиімді қолдану көп жағдайда белсенділік таныта бермейтін оқушылардың қызығушылығын арттырып, уақытты тиімді пайдалануға көмектесетіндігіне көз жеткізді. 05.02.2026 жыл күні 9 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Гендік инженерия-заман талабы» тақырыбын өтудің қорытынды бөлігінде тапсырманы түсініп орындау үшін қолданған төсілінің ұтымды тұстары туралы Оразбекова Бағила ой қорыта алды. 7 «В» сыныбы қыздар көркем еңбегінің мұғалімі Сынабек Райханның «Киімді трасформациялауға арналған идеялар» тақырыбында ұйымдастырған сабағында да жаңа сабақты түсіну барысында платформаны тиімді пайдалануы жұмыс нәтижесінде көрініс тапты. Жас маман Тоқтасын Балжан 5 «Ә» сыныбында «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында өткен сабағында білім алушылардың жас ерекшелігіне сай қызықты тапсырмаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыра білді. 06.02.2026 жыл күні 8 «В» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Орынбай Ардақ , құқық негіздері пәнінен Момбекова Меруерт 10 «Б» сыныбында , Асылбекова Құрманкүл 6 «Б» сыныбында қыздар көркем еңбегінде түрлі платформаларды тиімді қолданудың тұрақты мотивацияны қалыптастырып, білім сапасын арттыратындығы, білім алушылардың ойлау қабілеттерін белсендіре түсетіндігі туралы пікір алмасты..

Білім беру платформаларын сабақтың түрлі кезеңдерінде тиімді пайдалану тәжірибесін дамытуға арналған әдіс аламасу жұмыстары бір ай бойы жалғасын табатын болады.