Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

“Бастауыш – шабыттың бастауы, ізденістің іргетасы, жаңашылдықтың жарқын жолы!” тақырыбындағы айлық іс-шарасының ашылу салтанаты болып өтті.

02.03.2026 жылы «Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат» КММ-де «Балдәурен» бастауыш әдіс бірлестігінің 2025–2026 оқу жылының наурыз айына арналған “Бастауыш – шабыттың бастауы, ізденістің іргетасы, жаңашылдықтың жарқын жолы!” тақырыбындағы айлық іс-шарасының ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты жиында бастауыш сынып мұғалімдері айлықтың мақсат-міндеттерімен таныстырып, алдағы жоспарланған іс-шараларға шолу жасады. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, өлең оқып, ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айлықтың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, жаңашыл бағыттағы тәжірибелерді насихаттау.

Алдағы іс-шаралар да мазмұнды, тағылымды әрі қызықты өтеді деп сенеміз.

Барша ұстаздарға сәттілік, оқушыларымызға шабыт тілейміз!