Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының педагог-логопед маманы Тұргынбай Айдана “Бастауыш - шабыттың бастауы, ізденістің іргетасы, жаңашылдықтың жарқын жолы”атты бастауыш сыныптардағы айлық іс-шарасы аясында 06.03.2026ж 1ә сынып оқушыларымен “Р дыбысын сөз ортасында машықтандыру”тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Сабақтың мақсаты:
- «Р» дыбысының сөз ортасындағы артикуляциясын бекіту және дұрыс, анық айтуға үйрету.
- Дыбысты буында және сөз ортасында машықтандыру арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
- Тіл бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру, дірілді (вибрацияны) тұрақтандыру.
- Зейінді, есте сақтауды және ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамыту.
Әдіс-тәсілдер:
1. Артикуляциялық жаттығулар: «Тіл мен ерін гимнастикасы»
Бұл кезеңде «Р» дыбысының дұрыс шығуына қажетті тіл бұлшықеттері дайындалды.
2. Тыныс алу жаттығуы: «Дұрыс тыныс — анық сөз»
Сөйлеу кезіндегі ауа ағынын реттеу мақсатында жүргізілді.
- Әдісі: «Көбелекті ұшыру» немесе «Футбол» (мақта үрлеу) ойын элементтері.
3. Ұсақ қол моторикасын дамыту: «Саусақтар сөйлейді»
Қолдың ұсақ бұлшықеттері мен сөйлеу орталығының байланысын нығайту.
- Әдісі: Моншақтармен жұмыс, «Су-джок» терапиясы немесе саусақ ойындары.
4. Әріптер ойыны: «Сиқырлы әріптер әлемі»
Дыбыс пен әріптің байланысын бекіту, фонематикалық талдау жасау.
- Ойын түрі: «Р әрпін тап», «Кесілген әріптерді құрастыру».
5. Логоритмика: «Қимыл мен дыбыс үндестігі»
Музыка, сөз және қимылды ұштастыру.
- Әдісі: Өлең жолдарын ырғақпен айта отырып, дене жаттығуларын жасау.





