«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»
Мақсаты: Оқырмандарға балалар жазушысы С.Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ме Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі кешіміздің тақырыбы «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» С.Бегалиннің 130 жыл толуына орай кешімізге қош келдіңіздер. Енді осы кешімізді бастаймыз.
Сапарғали Бегалин Ысқақұлы 1895 жылы қараша айының 24-де Шығыс Қазақстан облысында, Абай ауданында, Дегелең ауылында дүниеге келген.
Сапарғали Бегалин – жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Бегалин 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қазақ училишесін бітірген.
Бегалин шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған.
Сапарғали Бегалин - Ақмола өңірінен шыққан қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі.
Алысқа келу керек Сапекеңше:
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе,
Сиятын қара көз осы қарақасқа
Отыз бен отыз бестің бірін берсе!
Сүйсініп оқитұғын туған халқы,
Жеткене талант, ойдың шамашарқы,
Бірталай еңбек жазды, алды жарқын,
Ласы, кіршігі жоқ, таза арты, - деп көрнекті жазушымыз Сәбит Мұқанов өлеңге қосқандай Сапарғали жазушымыз сияқты шежіре адамның өмірі қандай қызық болса, шығармашылығыда сондай қызық.
Ол - халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларын жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы.
Өмірі мен шығармашылығын тану үшін видо ролик көріп алайық.
Оқушылармен тест сұрақтарына жауап беру.
Күй «Көңілді толқын» Сейдазым Шынар
Жазылған шығармаларымен таныстыру.