Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» тақырыбында көрініс қойылды.

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» тақырыбында көрініс қойылды.

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей – интернатында аудандық білім бөлімінің 13.01.2025 жылғы №41-10/20 хатына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» тақырыбында көрініс қойылды.

Көріністің міндеті:

1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен бересін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

3. Жақсылыққа, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдікті ұстануға баулу және құқықтық мәдениетін бойына қалыптастыру болып табылады.

Сахналық қойылымға аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанар Қалманова қатысып балалар өнеріне шығармашылық табыс тіледі.

Сахналық қойылымға мектеп оқушылары, ата аналар мен педагогтар қатыстырылды.