Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Бүгін мектебімізде өткен тоғызқұмалақ үйірмесі ерекше белсенді өтті...

Бүгін мектебімізде өткен тоғызқұмалақ үйірмесі ерекше белсенді өтті. Оқушылар ұлттық зияткерлік ойынды тереңірек меңгеріп, тактикалық ойлау, логикалық шешім қабылдау дағдыларын дамытты.

Балалар жұппен ойнап, әр жүрісті талдап, ойын барысында бір-бірімен пікір алмасып, өз шеберліктерін шыңдады. Ұйымдастырылған сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың зияткерлік қабілеттерін жетілдіруге үлкен үлес қосты.

Ұлттық ойын — ұлттық құндылық.

Біз осындай үйірмелер арқылы өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың даналығын жеткізуді жалғастырамыз!