Үш тіл – үш қазына
Бүгін мектебімізде үш тілді меңгерудің маңызын насихаттайтын "Үш тіл – үш қазына" атты мақал-мәтел жарысы өтті!
Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді жатқа айтып, мағынасын түсіндіріп, тіл байлығын, тапқырлығын көрсетті. Әр тіл – өз алдына бір қазына екенін дәлелдеген бұл сайыс – тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, рухани дамуға жол ашты.
Қазақтың нақыл сөзі – тәрбие бұлағы,
Орыс мақалдары – ой тереңдігі,
Ағылшын мәтелдері – жаһандық көзқарас!
Төменде сайыстан естелік сәттерден фотолармен бөлісіп отырмыз.
Жас ұрпақтың тілі бай, болашағы жарқын болғай!