Бүгін 09.12.2025 ж күні Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында «Террористік тұрғыдан қауіптің алдын алу» бойынша мектепішілік обьектілік оқу жаттығуларын өткізу бойынша мектеп бұйрығы шығарылып, жоспары жасалды. Мектепте обьектілік жаттығудың алдын-алу штабы құрылды. Атқарылған жұмыстарға міндеттемелер бекітіліп, тапсырмаларды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Террористік жаттығулар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өткізілетін іс-шараға ер мұғалімдер және 10-11 сынып оқушыларынан құтқарушы топ құрылды. Сағат 10-30 «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» құлақтандыру дабылы іске қосылды. I- ауысым бойынша 628 оқушы, мектеп ұстаздары мен техперсоналдар түгелдей эвакуациялау жұмыстарына қатысты. Оқу- жаттығу жоғары деңгейде өткізілді. Оқу жаттығу жиыны аяқталған соң атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жұмыстар жасалды





