«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің əлеуетін дамыту»: республикалық онлайн тəжірибе тарату алаңы жұмысын бастады⠀
⠀
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан онлайн алаң жұмысында тірек мектептердің мұғалімдері жоба аясында алған кәсіби білімі мен дағдыларын еліміздің нысаналы мектептері⠀ұстаздарына таратады.⠀
⠀
Республикалық онлайн алаңның ашылуына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов, Білім беруді тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.⠀
⠀
Нысаналы мектептердің мыңнан астам мұғаліміне арналған алғашқы 46 шеберлік сабағында барлық пәннің күрделі тақырыптары бойынша үздік кейстер ұсынылды. Оқу жылының соңына дейін тірек мектептердің 200-ден астам мұғалімі өздерінің білім беру саласындағы табысты тәжірибесін, кәсіби тәсілдерін және тиімді шешімдерін таныстырады.⠀
⠀
Айта кетейік, 2022 жылдан бері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беруді тұрақты дамыту⠀және «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп ауыл мектептерін дамыту жөніндегі ауқымды жобаны жүзеге асырып келеді. Жоба аясындағы іс-шаралар оқытудағы қиындықтарды анықтайтын сыртқы бағалау процедуралары, педагогтерді оқытуды ұйымдастыру мен өткізу, сабақтарды бақылау және кері байланыс беру, курстан кейінгі әдістемелік қолдауды қамтиды