Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау бағдарламасы аясында өткізілген семинар-тренинг

Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау бағдарламасы аясында өткізілген семинар-тренинг

#Тәрбие_саласы

#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие

#Құқықтық_тәрбие

Мектебімізде ата-аналармен өзара ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың эмоциялық саулығын арттыру және тәрбиелік үдерістің тиімділігін күшейту мақсатында бірқатар семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар-тренингті мектеп психологы Д.Масанова және Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ә.Маханбетжанның бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.

Бағдарлама шеңберінде:

Ата-аналарға арналған «Бала тәрбиесі» тақырыбындағы сауалнама жүргізілді;

«Эмоциялар және оларды білдіру жолдары» атты тренинг өткізілді;

Тренинг барысында ата-аналар мен оқушыларға бағытталған бірлескен психологиялық жаттығулар орындалды;

  • Ата-аналар қауымына арналған «Бала – біздің айнамыз» тақырыбындағы семинар-тренинг ұйымдастырылып, бала тәрбиесі, эмоциялық қолдау және отбасы ішілік қарым-қатынас мәселелері талқыланды.