Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
Ата-аналар мен оқушылардың назарына

Ата-аналар мен оқушылардың назарына

Ата-аналар мен оқушылардың назарына!

Құрметті ата-аналар!

Мектеп әкімшілігі 1, 7 және 9 мамыр мереке күндері қарсаңында балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады.

Балаларға келесі жерлерге баруға қатаң тыйым салынады:

Табиғат аясына, тоғайға, өзен-көлдерге, "маевка" ұйымдастыруға;

Виньеткаға түсеміз деп мектептен тыс жерлерге өз бетімен шығуға;

Суға шомылуға, балық аулауға;

Түркістан, Арыстанбаб, Ақмешіт сияқты киелі орындарға өз бетімен баруға;

Кешкі, түнгі уақытта үйден тыс жүруге, көкпар секілді іс-шараларға қатысуға;

Жолда жүру ережелерін бұзуға.

Ең басты назар – бала өмірінің қауіпсіздігі!

Баршаңызды осы ескертулерге түсіністікпен қарап, балалардың қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз етуге шақырамыз.

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат директоры- Серікбаев Ерғали Қазыханұлы

ДТІЖО- Тәжібай Сержан Әлменұлы

ДТІЖО- Жақашева Айнұр