Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
Алғыс алған арымас

Алғыс алған арымас

Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас – деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.

Алғыс алудың орны бөлек,Әр адам тіршіліктің дәмін татқанына алғыс айта жүруі міселікті көрсетеді.

1 наурыз – Қазақстанда ерекше мәні бар күндердің бірі. Бұл күннің тарихы тереңде жатыр, әрі оның ұлтымыз үшін маңызды мағынасы бар. Алғыс айту күні – халқымыздың тарихында ерекше орын алатын, әр адамның жүрегінде үлкен орын қалдыратын күндердің бірі. Бұл күн тек мереке емес, сонымен қатар халқымыздың бірлігін, достығын, түсіністігін арттыратын маңызды күн.

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ МЕКТЕП ҚАУЫМДАСТЫҒЫ!

Бүгінгі күн сіздерге шаттық пен бақыт сыйласын!

Әрбір отбасыға береке, бірлік, денсаулық, табыс және мол қуаныш тілеймін!

Бұл күннің атауының өзінен көп нәрсе айтуға болады. "Алғыс айту" деген жай сөз ғана емес, ол тарихтың шежіресін, халықтың өткенін және сол өткен тарихтан қандай сабақ алынғанын білдіреді. 1 наурыз күні біз тек жақсылығымызды, жетістіктерімізді ғана емес, ең алдымен бір-бірімізге жасаған көмегімізді, көрсеткен мейірімділігімізді еске алып, сол үшін ризашылық білдіреміз. Әрбір адам, әрбір ұлт және әрбір ұлы тұлға өздері үшін ғана емес, қоғам үшін жасап жатқан еңбегін бағалай білуі қажет. Алғыс айту күні – осыған шақыратын күн.

Құрметпен, Ерғали Серікбаев