Түркістан облысы
Отырар ауданы
Шәуілдір ауылы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы √4 лицей -интернат оқушылары Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған, Шәмші Қалдыаяқовтың "Ақ бантик" әні челенджін мектебіміздің түлектері қолдап, әсерлі орындады.
Ақ бантик — мектеп өмірі, балалық шақ пен алғашқы сезімдерді суреттейтін танымал лирикалық ән. Әннің сөзін Мұхтар Шаханов жазған. Шығармада оқушы қыздың ақ бантигі арқылы тазалық, пәктік, сағыныш пен жастық кезеңнің әсем сәттері бейнеленеді.





