Ағылшын тілі апталығы барысында "Time travel through music" атты іс шара өтті.
«Time Travel Through Music» іс-шарасының мақсаты — оқушыларды музыка арқылы уақыт кезеңдерімен таныстыру, ағылшын тілінде ән айту, сөйлеу және сахналық өнер дағдыларын дамыту. Әр сынып белгілі бір дәуірдің хит әндерін орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар XVI ғасырдан 2017 жылға дейінгі музыкалық хиттер арқылы уақыт саяхатын жасады.
10-сынып Шекспирдің "Romeo & Juliet" қойылымын сахналады.
7, 8, 9-сыныптар «Hit the road Jack», «One Way Ticket», «Cherry Cherry Lady», «Whenever, Wherever», «Waka Waka», «Love Me», «Believer» сияқты әндерді орындады.
7-сынып оқушысы Гауһартас Бекзат ағылшын әндерінен папури орындап, ерекше әсер қалдырды.





