Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 10 сынып ата-аналарымен «Ұлттық тәрбие – отбасынан басталады» тақырыбында тренинг өткізілді

«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 10 сынып ата-аналарымен «Ұлттық тәрбие – отбасынан басталады» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті мектеп психологы Д. Масанова мен сынып тәрбиешісі С.Алдабергенова жүргізді. Тренинг барысында бала мен ата-ана арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ойын жаттығулар орындалып, бала тәрбиесіне қатысты сауалнама алынды. Сонымен қатар ата-аналармен ұлттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңызы, ата-ананың бала дамуындағы жауапкершілігі туралы пікір алмасу жүргізілді. Тренингке қатысқан ата-аналар белсенділік танытып, тәрбиелік бағыттағы ұсыныстарымен бөлісті.