Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

9-сынып оқушыларымен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді

9-сынып оқушыларымен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді

Мектебімізде 9-сынып оқушыларымен «Буллингтің алдын алу және қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында түсіндіру және алдын алу бағытындағы топтық психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті мектептің педагог-психологы Масанова Динара Мейрамбекқызы жүргізді. Тренингтің мақсаты – оқушылар арасында буллингтің алдын алу, психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру, өзара сыйластық пен жауапты қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Түсіндіру жұмыстары барысында буллинг ұғымы, оның түрлері мен салдары туралы ақпарат беріліп, оқушылардың эмоцияларын тану, жағымсыз ойлар мен мінез-құлықтан арылуға бағытталған психологиялық жаттығулар жүргізілді. Жаттығулар арқылы оқушылар өздерінің жағымды қасиеттерін анықтап, өзін-өзі бағалау және бір-біріне құрметпен қарау дағдыларын нығайтты.