Отырар ауданының білім бөлімі, Түркістан облысы білім
басқармасының 2026 жылғы 01 сәуірдегі № 25/2227 шығыс хатына сәйкес,
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салты
табысты болашақтың негізі» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында жалпы республикалық бірыңғай
сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында
салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, денсаулық сақтаудың
профилактикалық бағытын нығайту, сондай-ақ мектеп оқушыларының
физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңызы туралы
хабардарлығын арттыру.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен білім
алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі
қарастырылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді.





