Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
26 наурыз – Отбасылық дәстүрлер

26 наурыз – Отбасылық дәстүрлер

26 наурыз – Отбасылық дәстүрлер

Отбасындағы дәстүрлер жанұяның психологиялық жағдайының ажырамас бөлігі. Оның балаға деген әсері орасан. Отбасылық дәстүрлер заңмен, белгілі бір актілермен бекітілмейді, ол ежелгі ата-дәстүрдің жаңаша жалғасы болып табылады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», дейді қазақ халқы. Отбасында қандай тәрбие көрсе, бала ержеткенде сол тәрбиені қоғамда, өзі жүрген ортасында қолданады. Адамның өмірге келгенінде көретіні – ата-ана, ата-ана өмірінің жалғасы – бала. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» – деп ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ең алдымен мән берген. Ата-анасының мейіріміне бөленіп, жақсы мен жаманды ажыратуды үйреніп, санасына игі мақсаттарды, рухани құндылықтарды сіңіріп өскен баладан нағыз елін, жерін сүйген патриот, адамгершілігі мол азамат қалыптасатыны анық.