Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

25.11.2025ж күні Д.Құрманбеков атындағы №20 кәсіптік-техникалық колледжде «Ашық есік күні» өтті.

25.11.2025ж күні Д.Құрманбеков атындағы №20 кәсіптік-техникалық колледжде «Ашық есік күні» өтті.

Тоғызыншы сыныптан соң арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсуге шешім қабылдаған оқушылардың мамандық таңдаудағы пікірлерін нақтылау мақсатында, дұрыс шешім қабылдауына қолдау көрсету үшін ауданымыздағы колледжге топ серуен жасалды. Колледж директоры Б.Қордашбеков бастаған оқытушылар оқушыларға «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Электр жабдықтары (электромонтер)», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтарының қыр-сырын таныстырып өтті. Ары қарай оқушылар колледждің шеберханасына да саяхат жасады. Онда «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша мағлұмат алса, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша танысты.